Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда күдікті екі адам ұсталды

Атырауда 277 келі бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдады деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Атырау қаласының Нұрсая шағынауданында Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында одан бекіре тұқымдас балықтың 277,4 келісі табылып, тәркіленді.

Күдікті екі адам ұсталып, қамауға алынды. 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі – сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін заңсыз пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Полиция еске салады: адамның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін ол кінәсіз деп есептеледі.