Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда инспектор өртеніп жатқан үйден бір отбасын құтқарды

3 тамызға қараған түні Атырауда учаскелік полиция инспекторы Максим Доскалиев өрт кезінде бір отбасының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Шамамен сағат 23:30-да ол Махамбет Өтемісов көшесі бойындағы үйлердің бірінен өрт шыққанын байқайды. Уақыт жоғалтпай оқиға орнына жеткен полиция қызметкері жалын шарпыған үйге кіріп, тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялауды ұйымдастырған.

Учаскелік инспектордың жедел әрекетінің арқасында отбасының барлық мүшесі аман-есен сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Атап айтқанда, электр құрылғыларын қараусыз қалдырмауға, темекі тұқылын толық сөндірмей тастамауға және ірі өртті өздігінен сөндіруге әрекет жасамауға кеңес берді. Өрт шыққан жағдайда дереу төтенше жағдайлар қызметіне хабарласу қажет.

Атырауда тұрғын үй ауласында құрғақ шөп өртенді

3 тамызға қараған түні Атырауда құрғақ шөптің жануы тіркелді. Өрт туралы хабарлама сағат 23:32-де түскен.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Махамбет Өтемісов көшесіндегі №3 үйдің жанындағы қараусыз қалған аумақта шыққан. Жалын шамамен 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

Оқиға орнына №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жедел жетті. Өртті сөндіруге бес құтқарушы мен бір техника жұмылдырылды. Сағат 23:46-да өрт толықтай сөндірілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйге қауіп төнген жоқ, тек ашық аумақтағы құрғақ шөп жанған. Тұрғындарды эвакуациялау қажет болмады.