Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда ерлер колониясының маңынан 11 орамасы бар дрон табылды

Атырауда ерлер колониясының маңынан ішінде 11 орама жасыл түсті зат бар дрон табылды. Күдікті зат салынған дронды ҚАЖ жүйесінің №15 мекемесінен шамамен бір шақырым жерден ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі анықтады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Оқиға таңғы сағат 08:30 шамасында болған. Лейтенант Мирас Ысқазиев жерде жатқан ұшқышсыз ұшу аппаратын және оның жанындағы ораманы байқаған.

Тексеру барысында ораманың ішінен өсімдік тектес, өзіне тән иісі бар жасыл түсті зат салынған 11 пакет анықталды.

Әскери қызметші табылған зат туралы дереу кезекші қызметке хабарлаған. Оқиға орнында қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданып, кейін табылған заттар тиісті органдарға тапсырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.