Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда екі жасөспірім мопедпен полиция талабына бағынбаған

6 қыркүйекте әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Сәтбаев даңғылында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған екі кәмелетке толмаған мопед жүргізушісін байқаған. Олар полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талабына бағынбаған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Тексеру кезінде екі жүргізушінің де кәмелетке толмағаны анықталды. Олардың заңды өкілдері полиция бөліміне шақырылды.

Жасөспірімдерге көлік құралын пайдалану талаптарын бұзғаны және тиісті жүргізу құқығынсыз көлік басқарғаны үшін әкімшілік материалдар рәсімделді.

Сонымен қатар екі жасөспірім де профилактикалық есепке қойылды.