Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар аясында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мопед және мотоцикл жүргізушілерін тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
6 қыркүйек күні сағат 21:30 шамасында қала аумағында полицейлер екі мопедті тоқтатты. Екі жүргізушінің де көлік құралын басқаруға қажетті жүргізуші куәлігі болмаған.
Сонымен қатар, мопедтер белгіленген тәртіппен тіркелмеген. Жүргізушілер қорғаныс құралдарын пайдалану және жолаушы тасымалдау талаптарын да бұзған.
Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілер тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.