Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда биыл жасөспірімдер арасында 17 суицид дерегі тіркелді

Оның алтауы өліммен аяқталған. Бұл туралы Тамыз конференциясы аясында өткен панельдік сессия барысында айтылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Жиында педагогтер мен мектеп психологтары жасөспірімдер арасында буллинг пен суицидтің алдын алу, сондай-ақ балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Мамандардың айтуынша, баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқап, алаңдататын белгілерді елемеуге болмайды. Психологиялық жағдайдағы мәселелерді ерте анықтау қажетті көмекті уақытылы көрсетуге мүмкіндік береді.

Жаңа оқу жылында мектептердегі профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, педагогтер, психологтар және ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту ұсынылды.

Негізгі міндет – балалар үшін қауіпсіз психологиялық орта қалыптастырып, жасөспірімнің өз мәселелерімен жалғыз қалуына жол бермеу.

Фото: ru.freepik.com