9 тамыз күні Есбол ауылдық округіне қарасты Елтай ауылы маңында құрғақ шөп өртенді. Өрт дала аумағына тарала бастаған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Оқиға орнына көршілес ауылдардың тұрғындары жедел жетті. Ер азаматтар бірігіп, өрт ошағын бірлескен күшпен оқшаулап, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.
Ауыл тұрғындарының дер кезінде әрі үйлесімді әрекет етуінің арқасында өрт қысқа уақытта сөндірілді.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен аумағы нақтылануда.