Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда базардан алынған самсадан күтпеген "тосынсый" шықты

Атырау қаласында базардан алынған самсадан пластырь табылып, оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қала тұрғыны «Дина» базарынан самса сатып алып, оның ішінен лейкопластыр шыққан. Оқиға фотоға түсіріліп, әлеуметтік желіде жарияланған. Жазба тез тарап, желі қолданушыларының қызу талқысына себеп болды. Пікірлерде адамдар наразылық білдіріп, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне назар аударып, тексеріс жүргізуді талап етуде.

Пластырьдің кімге тиесілі екені және оның денсаулыққа қауіп төндіретін-төндірмейтіні енді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары тарапынан анықталмақ. Бұл жағдай қазірдің өзінде желіде кеңінен талқыланып жатыр.