Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда балалар алаңы мен құрылыс материалдары өртенді

26 тамыз күні сағат 15:10-да Атырау қаласының «Нұрсая-3» шағынауданында өрт шыққаны туралы өрт сөндіру қызметіне хабарлама түсті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Өрттен балалар ойын алаңы мен құрылыс материалдары жанған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, қызыл жалынды сағат 15:32-де толықтай сөндірді. Өрт аумағы шамамен 50 шаршы метрді құрады.

Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 7 қызметкер мен 2 арнайы техника жұмылдырылды.