Жол-көлік оқиғасы 13 қазан күні сағат 00:20 шамасында Қаныш Сәтбаев даңғылында, автосалон маңында болған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Оқиғаға Opel Astra және Kia K5 маркалы автокөліктер қатысқан. Соққының салдарынан көліктердің бірі жол жиегіндегі бағдаршам мен жол белгісіне соғылған.
Жеті адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық тексеруден кейін барлық науқас жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілген.
Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты қажетті материалдар жинақталып жатыр.
Апаттың мән-жайы анықталуда. Әзірге соқтығысуға не себеп болғаны және көліктерді кімдердің басқарғаны туралы ақпарат нақтыланбаған.
