Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда автобус Жайық өзеніне түсіп кетті

"Toyota Hiace" шағын автобусы Жайық өзеніне түсіп кетті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Оқиға 26 шілде күні сағат 14:30 шамасында Зарослое ауылы маңында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Жайық өзенінің жағасына қойылған Toyota Hiace шағын автобусының тежегіші істен шығып, салдарынан көлік өзенге сырғып кеткен.

Көлік иесі танысының экскаваторының көмегімен шағын автобусты өз күшімен судан шығарып алған.

Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл жағдай бойынша құтқару қызметіне немесе полицияға ешқандай хабарлама түспеген.