Атырауда жолаушылар автобусы велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы бүгін, 30 қазан күні шамамен сағат 09:00-де Атырау қаласындағы Мұхтар Әуезов көшесінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Yutong маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі велосипед мінген адамды қағып кеткен.
Зардап шеккен азамат облыстық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына қатысты қажетті материалдарды жинақтап жатыр.
