Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда анасы бір жасар ұлының жекеменшік балабақшада қорлық көргенін мәлімдеді

Атырау қаласының тұрғыны жекеменшік балабақшалардың бірінің қызметкерлерін бір жасар ұлына қатыгездік көрсетті деп айыптады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Әйелдің айтуынша, баласының денесінен жарақат іздерін байқап, осыдан кейін балабақшадағы бейнебақылау камераларының жазбаларын көрсетуді талап еткен. Анасының сөзінше, бейнежазбаларда тәрбиешілердің бүлдіршінге дөрекі қарым-қатынас жасағаны көрінеді: оны қолынан тартып, жерге лақтырады, басқа балалардың арасында қараусыз қалдырады және болжам бойынша күш қолданады. Сондай-ақ, әйелдің айтуынша, баласы үйге үнемі қарны ашып, қатты жылап әрі қорқып қайтқан.

Оның айтуынша, ұлының қолтық тұсында ісіну, денесінде тістің ізі, құлағында тырналған жарақаттар және басқа да зақымдар анықталған. Сондай-ақ анасы балабақша жұмысында, оның ішінде балаларды тамақтандыру кезінде де өзінің пікірінше бірқатар заңбұзушылықтар болғанын айтты.

Баланың әжесі де бұған дейін немересін балабақшадан алып кетуге барғанын, алайда өз сөзінше, есіктің ұзақ уақыт ашылмағанын және өзін ішке кіргізбегенін айтты. Осы оқиғадан кейін отбасы баланың жағдайын мұқият тексеруге шешім қабылдаған. 

Фото: ru.freepik.com