31 наурыз күні шамамен сағат 15:03-те Бірыңғай байланыс орталығына Атырау қаласының тұрғынынан хабарлама түсті. Көкарна ауылындағы тұрғын үйдің шатырында өздігінен ұша алмай қалған аққу байқалған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел жетті. Сағат 18:15 шамасында құтқарушылар арнайы операция жүргізіп, құсты шатырдан аман-есен түсірді.
Құтқарылған аққу кейін өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкеріне тапсырылды.
Зардап шеккендер жоқ.
