Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау әуежайында тағы не болған?

Оқиға Атырау халықаралық әуежайында «Атырау–Шымкент» рейсіне тіркеу кезінде болған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Көліктегі полицияның мәліметінше, Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны тексеру барысында әуежай қызметкерлеріне сөмкесінде тапанша бар екенін айтқан. Осыдан кейін ер адам №788 рейстен шұғыл түрде түсіріліп, тексеру жүргізілген.

– Хабарлама жалған болып шықты. Алайда жолаушы заң алдында жауап беруге мәжбүр болды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – деді көліктегі полиция бөлімінің бастығы Рүстем Урымбаев.

Көліктегі полиция бөлімінде әуежай аумағында қару, жарылғыш зат немесе өзге де қауіпті заттар туралы кез келген мәлімдеме қауіпсіздікке төнген қатер ретінде қарастырылатынын және оның ауыр салдары болатынын еске салды.