Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау әуежайында не болған?

Атырау әуежайында «Бекіре-2026» операциясы аясында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайда Көліктегі полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жедел әрекет ету арнайы жасағымен бірлесіп қоғамдық тәртіп пен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Профилактикалық жұмыстар аясында азаматтарға ұрлықтың алдын алу шаралары, жеке заттарға мұқият болу қажеттігі және бөтен мүлікке қол сұқпау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ балық ресурстарына қарсы қылмыстық әрекеттермен күрес бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында өтетін «Бекіре-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Оның мақсаты — балықты заңсыз тасымалдау мен айналымының алдын алу және жолын кесу.

Жолаушыларға заңсыз суық қаруды тасымалдауға тыйым салынатыны да ескертілуде. Егер мұндай заттар құқық бұзушылық анықталғанға дейін ерікті түрде тапсырылса, азаматтар жауапкершіліктен босатылады.