Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің соққысынан кейін ауруханаға түсті

Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің соққысынан кейін ауруханаға түсті. Индер ауданында үш баланың анасы, төртінші баласына жүкті 32 жастағы әйел күйеуі ұрғаннан кейін медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Әйелдің айтуынша, күйеуі бұған дейін де оған қол көтерген. Бұл жолы ол көршілеріне қашып барып, сол жерден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оның миы шайқалғанын және денесінің бірнеше жерінен жарақат алғанын анықтаған. Қазіргі таңда әйелдің жағдайы тұрақты, ол ем қабылдап жатыр.

Туыстарының айтуынша, оқиғадан кейін ер адам небәрі 24 сағатқа ғана ұсталып, кейін босатылған. Олардың сөзінше, бостандыққа шыққан соң ер адам қайтадан әйелінің жатқан ауруханасына барған. 

Полицияның мәліметінше, ер адам қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Фото: ru.freepik.com