Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырау-Астрахань тасжолында не болған?

Атырау – Астрахань тасжолында бір түнде үй жануарларының қатысуымен бес жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Өткен түнде Атырау – Астрахань автожолында үй жануарларының қатысуымен бес жол-көлік оқиғасы орын алды.

Қараусыз жүрген малдың кенеттен жолға шығып кетуі жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, автокөліктердің зақымдануына да әкеледі.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері мал иелерін жануарларды қараусыз қалдырмауға және олардың автомобиль жолдарына шығып кетуіне жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ жүргізушілерге белгіленген жылдамдық режимін сақтап, әсіресе түнгі уақытта жолда барынша мұқият болу ұсынылады. Өйткені қараңғы кезде жолға жануарлардың кенеттен шығып кету қаупі жоғары.

Image