Алматы – Атырау бағыты бойынша рейсті тексеру кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызметтік Боно атты иттің көмегімен алкогольдік масаң күйде болған жолаушыны анықтады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Азамат А. рейстен түсіріліп, медициналық куәландыруға жіберілді.
Тексеру нәтижесі бойынша оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған норма қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде болғаны үшін жауапкершілікті көздейді.
Материалдар қарау үшін Атырау қаласының әкімшілік сотына жолданды.
Фото: ЖИ