Атырау тұрғындары қайырымдылық қорлары мен жанашыр жандардан Ақбаян Мұқанғалиеваға жеке баспана алып беруге көмектесуді сұрайды. Қала тұрғындарының пікірінше, қауіпсіз әрі тұрақты үй оның оңалып, қалыпты өмірге қайта оралуына үлкен қолдау болмақ, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Ауыр қайғылы жағдайдан кейін Ақбаян Психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған. Жақында ол ауруханадан шығарылды. Қазір Ақбаян жақындарының қасында болып, оңалту шараларынан өтіп, балаларымен қайта қауышып, біртіндеп қалыпты өмірге оралып келеді.
Тәтесінің айтуынша, Ақбаянның жағдайы жақсарған. Дегенмен толықтай қалпына келуі үшін оған әлі де уақыт қажет.
Атырау тұрғындары Ақбаянға жеке баспана сыйлап, тыныш әрі қауіпсіз өмір сүруіне және алдағы уақытта толыққанды оңалуына жағдай жасауға шақырады.