Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

35 адам эвакуацияланды: Атырауда не боп жатыр?

Атырау қаласында көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 35 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Өрт Ахмедияров көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде болған. Өрт ошағы екінші қабаттан шыққан.

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының жедел әрекетінің арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Құтқару жұмыстары барысында екі мүмкіндігі шектеулі адам сыртқа шығарылды. Сонымен қатар, баспалдақ арқылы үйдің 35 тұрғыны эвакуацияланды, олардың ішінде 15 бала бар.

Өрт шағын аумақта толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Мамандар төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласу қажеттігін еске салады.