Құтқарушылар өрттен 25 адамды эвакуациялады
Атырау қалалық "112" пультіне Баймұханов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің балконында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер адамдарды құтқаруға кірісті. Тығыз түтіннен 25 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады.
Өрт сөндірушілердің кәсібилігінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Өрт көрші пәтерлер мен ішкі үй-жайларға таралмады.