Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулықтар Наурызды қалай тойламақ?

Атырау қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Ердос Әбдісаттаров қаладағы мекеме басшыларымен арнайы жиын өткізді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі. 

Басқосуда Наурыз мейрамын жоғары деңгейде ұйымдастыру, «Наурызнама» онкүндігі аясындағы іс-шараларды бірізді жоспарлау және мерекелік безендіру жұмыстары талқыланды.

Жиынды ашқан қала әкімінің орынбасары ең алдымен жиналғандарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, Наурыздың ұлт үшін орны ерекше екенін атап өтті.
– Наурыз – біздің ең ұлық мерекеміз. Бұл – жаңару мен жаңғырудың, бірлік пен татулықтың, береке мен ырыстың бастауы. Сондықтан да біз бұл мейрамды мазмұнды, тағылымды әрі ұйымшылдықпен өткізуіміз керек. Әрбір мекеме, әрбір ұжым осы іске жауапкершілікпен қарауы тиіс, – деді Ердос Ғаниұлы.

Биыл “Наурызнама” онкүндігіне сай 18 наурыз күні ұлттық киім шеруін өткізу жоспарланып отыр. Шеру бағыты Сұлтан Бейбарыс алаңынан Исатай-Махамбет алаңы дейін жалғасып, мерекелік концертке ұласады. 22 наурыз күні негізгі мерекелік іс-шаралар Исатай-Махамбет алаңында өтеді. Қала басшылығы барлық мекемелерді аталған шараға белсенді қатысуға шақырды.