Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атыраулық тұрғын кітап оқып, бағалы сыйлыққа ие болды

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара барысында «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының белсенді қатысушысы марапатталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Кітап оқу мәдениетін дамытуға және оқырмандардың белсенділігін арттыруға бағытталған бастама аясында Н. К. Нәдіров атындағы Мұнай-химия инженериясы және экология институтының жетекші ғылыми қызметкері Құлбатыров Дәурен Қамысбайұлына велосипед табысталды.

Дәурен Қамысбайұлы республикалық марафон аясында ұсынылған әдеби шығармаларды оқып, олардың мазмұнына қатысты пікір білдіруде жоғары белсенділік танытқан. Кітаптар бойынша пікір қалдыру көрсеткішінен жоғары нәтиже көрсетіп, университеттің республикалық жобаға қатысуына елеулі үлес қосты.

Университетте «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында оқырмандық мәдениетті қалыптастыру, әдеби шығармаларды талдау және оқыған кітаптары бойынша пікір алмасу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жобаға профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер белсенді қатысуда.

Велосипед табыстау бастамасының басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, белсенді оқырмандарды ынталандыру және білімге ұмтылысты қолдау.

Аталған марапат кітап оқудың тек рухани даму құралы ғана емес, сонымен қатар үздіксіз ізденіс пен белсенділіктің нақты нәтижеге жеткізетінін көрсетеді. Университет алдағы уақытта да кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттап, оқырмандарды қолдауға бағытталған бастамаларды жалғастырады.