Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда өтіп жатқан Халықаралық театр фестивалінде ерекше қойылым ұсынылды

 

Рахымжан Отарбаевтің III халықаралық театр фестивалі жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі. Фестивальдің төртінші күнінде «Қараша қаздар қайтқанда», «Ақ мұнар» және «Кумар азап» қойылымдары сахналанды. ӨКҚ мәліметінше, Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театры фестиваль аясында «Ақ мұнар» қойылымын ұсынды. Рахымжан Отарбаевтің шығармасы негізінде қойылған туынды үш рет сахналанған.

 

 

- Бұл - жазушының 1989 жылы жазылған шығармасы. Музыкалық жас көрермен театрында «Ақ мұнар» атауымен алғаш рет сахналанды. Негізінде фестивальге ұсынылатын қойылым кемінде он рет сахналануы керек. Дегенмен тәуекелге барып, туындыны көрермен назарына ұсындық, - деді қоюшы режиссер Нұрлыгүл Ғалымжанқызы.

 

 

Режиссердің айтуынша, екі достың тағдыры арқылы өрбитін қойылым адамдық болмыс, ар-ождан, адалдық пен табиғат алдындағы жауапкершілік мәселелерін көтереді.

 

- Рахымжан Отарбаевтің бұл шығармасы философиялық терең ойларға құрылған. Мұнда табиғат тек оқиға өтетін орта ретінде емес, адам болмысымен тұтас құбылыс ретінде көрініс табады. Қойылым арқылы жеткізгім келген ойды көрермен ұғып, туындының астарлы мағынасын түсінсе екен деймін, - деді Нұрлыгүл Ғалымжанқызы.

Image