Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Астраханда «Жайлау той — 2026» этно-мерекесі өтеді

Астрахан облысында 16 мамыр күні «Жайлау той — 2026» этно-мерекесі өтеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қонақтарды Астрахан облысы аудандарының өнерпаздары мен Н.Жантөрин атындағы Атырау филармониясы әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама, қолөнершілер жәрмеңкесі, гастрономиялық фестиваль және ұлттық ойындар күтіп тұр.

Мерекенің басты оқиғаларының бірі — «Қазақша күрес» болады. Сондай-ақ садақ ату, ат үстіндегі ойындар және иыққа қошқар көтеріп отырып-тұру сайыстары ұйымдастырылады. Фестиваль аясында ұлттық тағамдар мен астрахандық балық сорпасы ұсынылатын «Бауырсақ-шоу» өтеді.

Балалар үшін арнайы ойын алаңдары мен анимациялық бағдарламалар әзірленген. Мереке соңында бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Ашылу салтанаты сағат 10:00-де басталады.