Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Жылыойда енді Жастар орталығы бар

Бүгін Жылыой ауданында Жастар орталығының жаңа ғимараты ашылып, «Жастар – жаңашылдықтың бастауы» атты облыстық жастар форумы өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Іс-шараға аудан әкімі, жергілікті атқарушы орган өкілдері, облыстың әр өңірінен келген жастар мен 100-ге жуық белсенді қатысты. 

– Жаңа орталық – жастардың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды кеңістік. Бүгінгі жастар – ертеңгі елдің тірегі. Сондықтан білімдеріңіз, жігерлеріңіз, жаңашыл ойларыңыз бен азаматтық белсенділіктеріңіз ауданымыздың және еліміздің дамуына үлкен үлес қосатынына сенемін, – деді аудан әкімі Жұмабек Қаражанов.

Форум аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары мен ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген жастар марапатталды. Сондай-ақ жас кәсіпкерлер қолөнер бұйымдары мен өз өнімдерін көрме-жәрмеңкеде таныстырды.

Жиында жастар саясаты, еріктілік, шетелде білім алу мүмкіндіктері, жеке даму және көшбасшылық бағыттары талқыланды. Тәжірибелі спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.