Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Жылыойда заманауи балабақша пайда болды (+ФОТО)

Жылыойда 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы аяқталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

Возможно, это изображение игрушка

Жылыойда 280 орынға арналған жаңа балабақшаның құрылысы аяқталды. Заманауи талаптарға сай салынған нысан жақын арада ел игілігіне пайдалануға беріледі.

Возможно, это изображение ребенок, стол, детская игрушка и внутри помещения

Екі қабатты балабақша 1,2 гектар аумақта орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы 3 мың шаршы метрге жуық. Нысанда балалардың білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және дене шынықтырумен айналысуына қажетті барлық жағдай жасалған.

Возможно, это изображение ребенок, учеба, детская игрушка и текст "Амир"

Жаңа ғимаратта музыка және дене шынықтыру сабақтарына арналған әмбебап зал, үйірмелерге арналған бөлмелер, әдістемелік кабинет, психолог пен логопед кабинеттері, сондай-ақ педагогтерге арналған бөлмелер қарастырылған. Сонымен қатар қызметкерлерге қажетті тұрмыстық және қосалқы бөлмелермен жабдықталған.

Возможно, это изображение спальня и больница

Балабақша аумағында балалардың жас ерекшеліктеріне сай топтық ойын алаңдары мен көгалдандырылған демалыс орындары орналасқан. Нысанның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қазандық, трансформаторлық қосалқы станция және дизельді электр станциясы орнатылған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение трава