Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Жылыойда қоқыс шығаруға арналған 9 жаңа арнайы техника пайда болды

Жылыой ауданында «Жылыой Тазалық» кәсіпорнының материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Кәсіпорынға қоқыс шығаруға арналған 9 жаңа арнайы автокөлік берілді. Бұл туралы AtyrauTODAY тілшісі хабарлады.

Арнайы техника «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жасыл Даму» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен сатып алынды. Қаржыландыру лизинг және несиелеу тетіктері арқылы жүзеге асырылды.

Жаңа техникалар елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын күшейтуге, аумақтардың санитарлық жағдайын жақсартуға және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.