16 қазанда Жылыой ауданында «GREEN JYLYOI EXPO – 2026» экологиялық фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Шараның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға шақыру және тұрғындарды қоршаған ортаны сақтауға бағытталған ортақ іске жұмылдыру.
Фестиваль аясында экологиялық акциялар, ауыл шаруашылығы өнімдері мен жергілікті кәсіпкерлердің жәрмеңкесі, сондай-ақ түрлі мәдени іс-шаралар өткізіледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға 5 мыңнан астам адам қатысып, әлемдік рекорд орнату жоспарланып отыр.

