Жол сақшылары 60 км/сағат жылдамдық белгісіне қатысты жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
"Құрметті көлік жүргізушілері! Бұл жол учаскесінде адамдардың қозғалысы бар, сондай-ақ ірі қара малдың да жолдан өтуі жиі кездеседі. Сондықтан жол белгілеріне мұқият болып, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Әрбір жүргізуші жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауы тиіс. Өз өміріңіз бен өзгенің өміріне бейжай қарамаңыз. Жолдағы қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік!" делінген үндеуде.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
