Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Жол инфрақұрылымы мен қорғаныс саласын не байланыстырады?

“Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК Атырау филиалының директоры Аслан Дюсенов  ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі” РМҚК Атырау филиалында әскери борыныш өтеп жатқан 36 курсантпен кездесті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Бұл жиынның мақсаты – еліміздің жол инфрақұрылымы саласына кәсіби мамандар тарту үшін болашақ жастарға осы саланың маңызы мен болашағы туралы жан-жақты ақпарат беру. 

Еліміздегі инфрақұрылымның дамуы жол сапасымен тікелей байланысты. Ал, жолдардың сапалы, ұзақ уақытқа шыдамды салынуы білікті мамандардың еңбегімен тікелей байланысты. Кездесуде филиал басшысы  А.Дүйсенов Қазақстан аумағының кеңдігі жол саласына жоғары талап қоятынын жеткізді. 

«Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде 9-орында. Ал, жолдардың ұзындығы бойынша 32-ші орында. Ел аумағында 157 мың шақырымнан астам автомобиль жолы бар. Оның 6-ы  халықаралық автокөлік дәлізі.  Жыл сайын жаңа жолдар салынып, қолданыстағы жолдар жаңғыртылып келеді. Сондықтан бұл салада білікті мамандарға сұраныс әрқашан жоғары», – деді ол.

Кездесу барысында курсанттарға жол саласындағы негізгі мамандықтар, олардың ерекшеліктері мен еңбек нарығындағы сұранысы туралы айтылды. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, гранттар, білім беру бағдарламалары және оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасу жолдары түсіндірілді. Маманның айтуынша, жол саласы – тек құрылыс емес, бұл инженерия, заманауи технологиялар мен сапа бақылауын талап ететін күрделі бағыт. Осыған байланысты жастарды аталған салада білім алып, ел дамуына үлес қосуға шақырды.

«Жолшы - болашақтың мамандығы десек артық емес. Соны ескерген үкімет тарапынан да мамандар дайындауға мүмкіндік беріп отыр. 2025-2026 оқу жылында 96 476 білім гранты бөлінген.  Соның 18 846-сы инженерлік, өңдеуші, құрылыс салаларына арналған.  Сонымен қатар, биылғы оқу жылында мемлекет "Көлік құрылысы" білім беру бағдарламалары  тобынна 765 грант және "Көлік нысандары" білім беру бағдарламалары тобына 320 грант бөлінді. Жоғары оқу орындарына түсудің шекті ұпайы – 50 бал. Сондықтан, бірінші мамандық немесе екінші мамандық ретінде жол саласын таңдауға болады» деді А.Дюсенов. 

Жол саласына қызығушылық танытқан курсанттар сұрақтарын қойып, салаға қатысты тың мәліметтер алды. Ашық форматта өткен кездесу жастардың кәсіби бағдарын айқындауға да  септігін тигізді.