Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Жамансорда қайтарылған активтерге жаңа мектеп-интернат салынды

Жамансор ауылында жаңа мектеп-интернаттың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қызылқоға ауданының Жамансор ауылында 110 орындық жаңа мектеп-интернаттың құрылысы аяқталды. Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынды. 

Жаңа білім беру нысаны екі блоктан тұрады. Мұнда 80 оқушыға арналған мектеп және 30 орындық интернат қарастырылған. Ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылардың білім алуына, тұруына және бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай жасалды.

Бұған дейін Жамансор ауылында небәрі 50 орындық бастауыш мектеп жұмыс істеп, жоғары сынып оқушылары көршілес елді мекендердегі интернаттарда білім алуға мәжбүр болған. Жаңа мектеп-интернаттың іске қосылуы шалғай ауыл балаларына өз елді мекенінде білім алуға мүмкіндік береді.

Нысанның құрылысы ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік жобалардың біріне айналды. Мектеп-интернатта оқу кабинеттерімен қатар, жатын орындар, асхана, спорт және демалыс бөлмелері қарастырылған.

Жаңа мектептің пайдалануға берілуі Жамансордағы білім беру инфрақұрылымын жақсартып, ауыл балаларына сапалы білім алуға тең мүмкіндік береді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ