Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

«Stop трафик» іс-шарасы Атырауда қандай нәтиже берді?

22–24 сәуір күндері Атырау облысы аумағында «Stop трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Шараның негізгі мақсаты – адам саудасының алдын алу, заңсыз сексуалдық қызметтердің жолын кесу және қоғамдық тәртіпті сақтау. Іс-шара барысында құқық қорғау органдары жезөкшелікпен айналысатын, жеңгетайлық қызмет көрсететін, сондай-ақ тәуекел тобына жататын азаматтарды анықтап, оларды полиция бөлімшелеріне жеткізді. Аталған тұлғалармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде барлығы 16 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 449-бабы бойынша 11 дерек анықталса, ҚР ӘҚБтК 450-бабы аясында 5 құқықбұзушылық фактісі тіркелген. Аталған баптар қоғамдық орындардағы тиісу, сондай-ақ көрінеу жезөкшелікпен айналысу және осы қызметке жағдай жасау әрекеттерін қамтиды. 

Атырау облысы полиция департаменті өкілдері азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады. Ведомствоның мәліметінше, құқықбұзушылықтардың алдын алу мен заңсыз әрекеттерге жол бермеу – әрбір азаматтың ортақ міндеті. 

Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар өңірдегі құқықтық тәртіпті нығайтуға және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.