Мунира Ижанова өз таңдауын жасағаннан кейін, көпшіліктің өтінішімен қазақтың халық арасында кеңінен танымал «Гәкку» әнін орындады.
Әуезді ән сайлау учаскесіндегі тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бұл күннің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.
– Балаларым мен халқымның болашағы үшін өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Елдің ертеңі жарқын, жастарымыз аман болсын. Бүгін әр азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына өз үлесін қосқаны дұрыс деп ойлаймын, – деді Мунира Ижанова.