Атырауға Медина мен Жидда қалаларынан келген қазақстандықтар өз қалаларына ұшып кетті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Жолаушыларды ел ішінде әрі қарай тасымалдау үшін Air Astana әуе компаниясы қосымша рейстер ұйымдастырды.
— Жолаушыларды Атыраудан шығару үшін Атырау — Алматы бағыты бойынша екі рейс және Атырау — Астана бағыты бойынша бір рейс орындалды. Жалпы Қазақстан бойынша үш рейс жүзеге асырылды, — деп хабарлады Air Astana компаниясы Atyrau Today тілшісіне.