Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Мас күйде көлік басқарған атыраулық 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды

Атырау облысында мас күйде көлік басқарған жүргізуші қатаң жазаға тартылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Оқиға 27–29 сәуір аралығында республика көлемінде өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған.

Аталған шара аясында Атырау–Астрахань тас жолы бойында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған бірнеше жүргізушіні тоқтатты. Солардың бірі — «ВАЗ-2110» маркалы автокөлік жүргізушісі. Полицейлер көлікті жолда апаттық жағдай туғызғаны үшін тоқтатқан.

Тексеру барысында жүргізушінің мас күйде екені анықталып, ол облыстық наркологиялық сараптамадан өткізілді. Сараптама қорытындысы оның есірткілік масаң күйде болғанын растады.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Құқық қорғау органдары барлық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертеді.