Атырау қаласындағы Махамбет Өтемісов көшесінің Абай көшесінен Жолдасқали Досмұхамбетов көшесіне дейінгі аралығында автокөлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Бұған дейін облыс әкімі аталған учаскедегі жол жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырған болатын.
Қазіргі таңда жолдың жоғарғы қабатына асфальт-бетон төселіп, жол белгілері мен таңбалары жүргізілді.
Сонымен қатар жақын уақытта осы учаскедегі жаяу жүргіншілер жолдарының асфальт жабындысын брусчаткаға ауыстыру жұмыстары басталады.
Өңір басшысы Махамбет Өтемісов көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруды тапсырды. Жол жөндеу жұмыстарын толықтай жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.