Мақат ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XXII еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Іс-шара Жеңіс саябағында ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Азамат Мәмбетов жастарды жаңа еңбек маусымының басталуымен құттықтап, бағдарламаның жас буынды еңбекке баулудағы және туған өлкені көркейтуге қосатын үлесінің маңызын атап өтті.

Кездесу барысында жастармен еркін форматта пікір алмасу ұйымдастырылып, жастарға уақытты тиімді өткізу, кітап оқитын қоғамды бірге қалыптастыру мен мамандық таңдауда заман талабының сұраныстарын ескеру сияқты ойлар талқыланды.

Аудан әкімдігі мәліметінше, еңбек маусымының алғашқы кезеңінде 16-35 жас аралығындағы 30 жас жұмыспен қамтылып отыр. «Жасыл ел» жасағының мүшелері аудан аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысады.


