Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Құрманғазыда заңсыз қару сақтау дерегі тіркелді

27–29 сәуір күндері аралығында өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Нұрсұлтан Дүйсенов пен учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Бекболат Камалов Құрманғазы ауданында заңсыз қару сақтаған азаматты анықтады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Тексеру барысында аталған тұлғаның қаруды тиісті рұқсат құжаттарынсыз сақтағаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді.

Сонымен қатар, ауыл тұрғынымен заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқық қорғау органдары тарапынан азаматтарға қаруды заңсыз сақтау мен қолданудың жауапкершілігі қатаң екені ескертіліп, мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатыны жеткізілді.