Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы "Ақжайыққа" келді

15 қыркүйек күні Атырау облысына экологиялық ахуал мәселелері бойынша жұмыс сапары аясында ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Айдын Бегімбеков "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды АtyrauToday тілшісі.

Сапар барысында резерват аумағы ауадан зерттелді. Каспий теңізінің таяздануынан туындайтын шаңды дауылдарға ерекше назар аударылды. "Ақжайық" өкілдері табиғи кешендерді қорғау, өрттің алдын алу, экожүйелердің мониторингі, биоәртүрлілікті сақтау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар туралы айтып берді.

Сондай-ақ табиғи экожүйелердің жай-күйі, қоршаған ортаға әсер ету факторлары және табиғи аумақтарды қорғау шаралары талқыланды.

Кездесу орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, аумақтық инспекция, облыстық экология департаменті, облыс әкімдігі өкілдерінің және қоғамдық белсенділердің қатысуымен өтті.

Сурет: ru.freepik.com