Құлсары қаласында «Арбат салу» жобасы аясында бой көтерген жаңа қоғамдық кеңістіктің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Ашылу салтанаты барысында тұрғындар жаңа серуендеу аймағымен танысып, оның мүмкіндіктерін тамашалады. Қоғамдық кеңістік бүгінде келушілер үшін толықтай қолжетімді.
Жаңа Арбат – тұрғындардың серуендеп, тынығып, бос уақытын тиімді өткізуіне арналған заманауи демалыс орны. Мұнда барлық жас санатындағы азаматтарға қолайлы жағдай жасалған.
Салтанатты рәсімде айтылғандай, бұл нысан Құлсары қаласының сәулеттік келбетін көркейтіп қана қоймай, тұрғындардың кездесіп, мәдени демалыс өткізетін сүйікті орындарының біріне айналмақ.
Жаңа Арбат бүгінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін есігін айқара ашты.
