Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Әкімдік Сарықамыс арқылы өтетін жолға қатысты жағдайды түсіндірді

Тұрғындар Әбілқайыр хан көшесінен Сарықамыс шағын ауданы арқылы Жастар көшесіне дейінгі жол учаскесінің жағдайы мен ондағы жұмыстардың барысына назар аударды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, аталған жолдың жобасы 2021 жылы әзірленген. Ал 2023 жылы мердігер болып «Маңғыстау жол-құрылыс материалдары комбинаты» ЖШС анықталған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының шамамен 60%-ы орындалған.

Әкімдік өкілдерінің түсіндіруінше, құрылыс барысында бастапқы жобада қарастырылмаған қосымша жұмыстарды орындау қажеттілігі туындаған. Атап айтқанда, инженерлік коммуникацияларды көшіру, сондай-ақ өндірістік нысандар мен жеке тұрғын үйлерге қосымша кірме жолдар салу қажет болған.

Осыған байланысты жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізу қажет. Бюджеттік комиссияның тиісті шешімі алынған. Қазір бастапқы деректер өзектендіріліп жатыр. Одан кейін түзетілген жоба мемлекеттік сараптамаға жіберіледі.

Сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстары жалғасады.

Әкімдікте нысанды құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуде мәселе жоқ екенін де атап өтті.

Сонымен қатар жобаға түзетулер енгізіліп, қажетті қорытындылар алынғанға дейін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге болмайды.