Қайыршақты ауылдық округінде 2025–2026 жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің VII кезеңі аясында округтегі бірқатар көшеге түнгі жарық шамдарын орнату жоспарлануда, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Жол инфрақұрылымын дамыту бағытында да жұмыстар қолға алынған. Ақсай және Ақжар ауылдарында жалпы ұзындығы 2 шақырым болатын 6 көшеге тас жол төсеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Қайыршақты ауылдық округіне қарасты елді мекендерде жалпы ұзындығы 34,9 шақырым жаяу жүргінші жолдарын салу жобасы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, округ елді мекендеріне 10 балалар ойын алаңы мен 2 спорттық тренажерлық алаң орнатылып, пайдалануға берілді.
Білім беру нысандарын дамыту бағытында 2025 жылы округте 3 жаңа мектеп – Жұлдыз-2, Жұлдыз-3 және Ақсай-2 шағын аудандарында салынып, халық игілігіне тапсырылды. Биыл Көктем шағын ауданында 600 орындық мектептің, Томарлы ауылында 150 орындық саз мектебінің құрылысы аяқталды. Мектепке дейінгі білім беру саласында да бірқатар жоба жүзеге асырылуда.
Әлеуметтік нысандар қатарында Жұлдыз шағынауданында 250 орындық емхана салу көзделуде. Ал, Жұлдыз-3 шағынауданында қосалқы жедел медициналық көмек станциясы салынып жатыр. Спорт саласында Жұлдыз шағынауданындағы 320 орындық спорт кешенінің құрылысы аяқталып, нысанды қазан айында ашу жоспарланған. Кәріз желілерінің құрылысы бойынша да кешенді жұмыстар атқарылуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ