Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Исатайлық еріктілерге алғашқы көмек көрсету дағдылары үйретілді

Исатай ауданында волонтерлерге алғашқы көмек көрсету дағдылары үйретілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Исатай ауданында «Біз таңдаған жол» жобасы аясында волонтерлер мен белсенді тұрғындарға арналған алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту шарасы өтті. Облыстық жедел жәрдем станциясының фельдшері Әсем Назарова қатысушыларға төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібін түсіндіріп, практикалық сабақтар өткізді және медициналық волонтерліктің маңызы туралы айтты.

Облыстық «Азаматтық орталықтың» маманы Медет Насихановтың айтуынша, алғашқы көмек көрсету дағдылары әрбір адамға қажет, ал тәжірибелік жаттығулар алған білімді бекітуге мүмкіндік береді.

Жоба Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы мен «Атырау облысының Азаматтық орталығы» КММ-нің қолдауымен жүзеге асырылды.