Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Исатайда не болған?

Атырау облысының прокуратурасы білім саласындағы зейнеткерлердің еңбек құқықтарын қорғады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау облысының прокуратурасы Исатай ауданындағы зейнет жасындағы білім саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарының бұзылуына байланысты жағдайға араласты. Жүзге жуық ауыл мұғалімі мен балабақша қызметкері зейнетке шыққаннан кейін заң бойынша тиесілі өтемақы төлемдерін алмаған. Төленбей қалған жәрдемақылардың жалпы сомасы 7,2 миллион теңгеден асқан. Прокурорлық қадағалаудан кейін қаражат толық көлемде төленіп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, еңбекке ақы төлеу туралы заңнаманы бұзғаны үшін 7 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Зейнеткерлердің құқықтары толық қорғалып, барлық төлемдер толық көлемде жүзеге асырылды.

Фото: atpress.kz