Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Индер волонтерлері карьерді көркейтіп жатыр

Индер ауданында волонтерлер тұрғындар жиі демалатын әрі шомылатын орындардың бірі — карьер аумағында ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Белсенділер жағалау мен су айдынындағы қоқыстарды жинап, қоғамдық әжетхананы ретке келтірді. Сонымен қатар қосымша қоқыс жәшіктері мен контейнерлер орнатты. Абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Алдағы уақытта бұл жерде мангал аймақтарын, Wi-Fi желісін және бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Бұл тұрғындар мен қонақтардың демалысын барынша жайлы етуге мүмкіндік береді.

Волонтерлер аудан тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орынға ұқыпты қарауға шақырды: демалғаннан кейін қоқыс қалдырмай, арнайы жәшіктерді пайдалануды өтінді.

«Тазалық әрқайсымыздан басталады. Біз карьер аумағын ретке келтіру үшін бар күшімізді салдық. Енді осы нәтижені бірге сақтау маңызды», — деді акцияға қатысушылар.