Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Ершат Ғабит: Үлкен қаламмен келу - бүгінгі күннің ерекшелігі

Бүгін өтіп жатқан Құрылтай сайлауында азаматтардың арасында ерекше таңдауымен көзге түскендер де бар. Солардың бірі - №7 сайлау учаскесіне үлкен қаламмен келген Ершат Ғабит. Ол биыл алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Мен бүгін Құрылтай сайлауына дауыс беруге келдім. Бұл менің алғаш рет дауыс беруім. Әдетте адамдар мұндай күні кішкентай қаламмен келсе, мен үлкен қаламмен келуді жөн санадым. Бұл - бүгінгі күннің ерекшелігі деп білемін. Сайлаудан кейін еліміз одан әрі көркейеді деп сенемін, - деді Ершат Ғабит.

Осындай ерекшелік үшін Ершат сайлау комиссиясының атынан шағын сыйлық та алды.

Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық өңірінде тұрғындар Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасауда. Атырау облысында да сайлау учаскелерінде азаматтардың белсенділігі байқалады.