Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Бесіктіде түйеқұс қайдан жүр?

Атырау облысы маңындағы Бесікті ауылының тұрғыны африкалық түйеқұстарын өсірумен айналысып жүр, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау облысындағы ауылдардың бірінде ерекше шаруашылық пайда болды. Бесікты ауылының тұрғыны үй жағдайында африкалық түйеқұстарын өсіруді қолға алған. Түп-тамыры ыстық Африкадан шыққан экзотикалық құстар ауыл тіршілігіне және жергілікті климатқа жақсы бейімделген.

Шаруашылық иесінің айтуынша, жергілікті тұрғындар мен өңір қонақтарының түйеқұстарға деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Құстар тек еті мен жұмыртқасы үшін ғана емес, туристік нысан ретінде де өсірілуде. Бүгінде бұл ерекше ферма ауыл тұрғындары мен аудан қонақтары қызығушылық танытатын орындардың біріне айналған.