Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Бейбарыс даңғылын Атырау-Астрахань тасжолымен жалғайтын жаңа жол ашылды

Атырауда ұзындығы 2,4 шақырым болатын жаңа автожол көлік қозғалысына берілді. Бұл жол Бейбарыс даңғылын Атырау – Астрахань тасжолымен байланыстырады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Жаңа магистраль қаланың негізгі кіреберіс жолдарының бірін қарқынды дамып келе жатқан Нұрсая және Самал шағынаудандарымен тікелей байланыстырды.

Жаңа жолдың пайдалануға берілуі көлік қозғалысындағы жүктемені азайтып, жүргізушілердің қатынасын ыңғайлы етуге және аталған шағынаудандардың көлік қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Жол құрылысы жұмыстарын «МКДСМ» ЖШС жүзеге асырды.